Атақты ауыр атлет, Олимпиялық ойындардың екі дүркін чемпионы Леонид Жаботинский 77 жасында өмірден озды. Бұл туралы «Советский спорт» газетіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.
Өлімнің себебі хабарланып отырған жоқ.
Аса ауыр салмақта өнер көрсеткен ауыр атлет екі кезек Олимпиялық ойындардың (1964, 1968), төрт мәрте әлемнің (1964, 1965, 1966, 1968), екі рет Еуропаның (1966, 1968) және бес дүркін КСРО-ның (1964, 1965, 1966, 1968, 1969) чемпионы атанды.
Атлет әлемнің - 19, Кеңес Одағының - 20 және Украинаның 58 рет рекордын жаңартқан.
1979 жылы Запорожьеде Леонид Жаботинскийдің бастамасымен ауыр атлетикадан олимпиялық резервтегі «Спартак» жасөспірімдер спорт мектебі ашылып, оған атлеттің есімі берілді.
Қалада жыл сайын Леонид Жаботинскийдің жүлдесі үшін турнир өткізіліп келеді.
Спортшы екі рет КСРО-ның Еңбек Қызыл Ту орденімен, Украинаның «Еңбек сіңіргені үшін» орденінің II және III дәрежесімен наградталған. Ол сондай-ақ Запорожьенің құрметті азаматы болған.
Леонид Иванович Жаботинскиймен қоштасу рәсімі 16 қаңтар күні сағат 10:00-11:00 аралығында Украинаның Запорожье қаласы, Лермонтов көшесі, 21-үйде (Л.И.Жаботинский атындағы спорт мектебі) өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




