Андроидтың жетінші нұсқасы шығады
ҚазАқпарат - Андройдтың жетінші нұсқасы 18 мамырда жария етілуі мүмкін, деп хабарлайды rg.ruсайты.
Андроид жобасының кураторы Сундар Пичаи өз блогында Google I/O конференциясының өткізілетін уақытын жариялады, ал жыл сайын осы шара кезінде Андроидтың жаңа нұсқасы көпшілік назарына ұсынылады.
Куратор іс-шара туралы толық ақпаратты кейін ұсынатынын мәлімдеді.
Google тұғырнамасының мобильдік нұсқасына жаңа функция қосылған, бұрынғы қателері түзетілген, сондай-ақ жұмыс жылдамдығы арттырылған. Қазіргі таңда Андроидтың ең көп таралған нұсқасы Kitkat 4.4, смартфон, планшеттердің сонымен жұмыс істейді. Бұдан кейінгі Lollipop бесінші нұсқасы құрылғылардың 33 пайызында, ал ең соңғы Marshmallow құрылғылардың бір пайызына ғана таралған.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




