А.Исекешев: «Мобильді құлдық» жойылғаннан кейін байланыс құны арзандай түседі
- author «Ақ жол»
- 15 қаңтар, 2016
- 615
«Мобильді құлдық» жойылғаннан кейін байланыс құны арзандай түседі. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингі барысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.
«Интернет-коммуникация және байланыс саласының дамуы соңғы кезде елді сандық технологиялармен қамтамасыз ету жұмыстардың жағдайында үлкен маңызға ие болып отыр. Біз интерконнект пен тариф құнын 5 есеге төмен түсірдік. 2016 жылдың 1 қаңтарынан тариф бағасы тағы 36 пайызға төмен түсті», - деп атап өтті Ә. Исекешев.
Сонымен қатар, министрдің сөзі бойынша, былтыр желтоқсан айында ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті. Онда барлық операторларға 4G жүйесін дамытуға және «мобильдік құлдықты» алып тастауға рұқсат берілді.
«Біздің елдегі тарифтер ең төмен тарифтердің бірі болады деп ойлаймыз. Біз оған үлкен мән беріп отырмыз. Ол - ең басым мақсаттардың бірі», - деді министр.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




