Генетиктер: Альпіде 5000 жылдан астам уақыт жатқан «мұз адам» - жойылып кеткен популяция өкілі
- author «Ақ жол»
- 15 қаңтар, 2016
- 481
ҚазАқпарат - Альпіде мумиясы 5000 жыл сақталған «мұз адам» жойылып кеткен популяция өкілі болып шықты, оның денесі Тиролде 1991 жылы табылып, Отци деген ат қойылды.
Бастапқыда оны қаза тапқан альпинист деп қабылдаған, кейіннен ғалымдар оның 5000 жыл бұрын өмір сүргенін анықтады. Денесі мұз болып қатқандықтан дене жақсы сақталып, оған осы уақытқа дейін ешкімнің қолы тимеген, деп жазады Росбалт.
Оның кене боррелиозымен сырқаттанғаны, әке жағынан жақын туыстары - Тиррен теңізінің жағалауы мен Сардиния тұрғындары екені белгілі болды. Бұдан басқа мұз адам инфарктқа бейім болған және сүт іше алмаған, себебі онда сүт қантын көтере алмайтын ген анықталды.
Отци мен оның анасы жағынан туыстары Тироль Альпісінің байырғы тұрғындары. Бұл шағын, тұйықталған популяция таудан алыстамай, Орталық Еуропаның басқа тұрғындарымен аралас-құраластығы болмаған. Біздің уақытқа дейін сақталса да, оның артынан ұрпақ қалмаған.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




