Алдағы екі жылда ХҚКО-ларда 700 мемлекеттік қызмет ұсынылады
- author «Ақ жол»
- 14 қаңтар, 2016
- 436
Алдағы екі жылда ХҚКО-ларда барлық 700 мемлекеттік қызметтер ұсынылады. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.
«Президент «Азаматтарға арналған Үкіметті» құруды жариялады. Қазіргі кезде оны құру бойынша жұмыстар жүріп жатыр»,-деп тоқталды ол. Сонымен қатар Ә. Исекешев бүгінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарында көп қызметтерді алуға болатынын айта келе, «биыл бірнеше құрылымдарды біріктіреміз, осы орайда еліміздің азаматтарымыз Халыққа қызмет көрсету орталықтарында 530 қызметті алатын болады. Біз екі жылдың аясында, ары кетсе үш жылда барлық 700 мемлекеттік қызметті ХҚКО-ларда жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз»,-деді. Мұнымен қоса ол қазіргі кезде мобильдік қыметтер бойынша жұмыстар жалғасып жатқандығын жеткізді. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында ақпаратқа қолжетімділік бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Биыл 4 маңызды портал құралатын. Оның негізгі мақсаты - барлық министрліктер сайттарда бағдарламалар, бюджеттер, сатып алулар туралы барша ақпаратты халық үшін қолжетімді етуге міндетті»,-деді Ә. Исекешев.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




