Жамбыл облысындағы тасжолдың бойынан жаңа туылған нәрестенің мәйіті табылды
- author «Ақ жол»
- 14 қаңтар, 2016
- 546
Жамбыл облысындағы тасжолдың бойынан жаңа туылған нәрестенің жансыз денесі табылды. Сәбидің басы жарылған.
Нәрестенің мәйіті 13 қаңтар күні таңертең табылған деп хабарлайды ҚазТАГ-ға сілтеме жасап NUR.KZ.
Кейбір дереккөздердің берген ақпаратына сәйкес, сәби көлік ішінде дүниеге келіп, содан соң оны жол бойына лақтырып кеткен.
Жамбыл облысының ІІД болған жайтты растап, күдікті адамдарды анықтағанын хабарлады.
“Сәбиді дүниеге әкелген ана қазіргі уақытта ауруханада жатыр, ал оның шешесі ұсталды. Тергеу жүріп жатыр”, – деп хабарлады ведомстводан.
Ал расталмаған ақпаратқа сәйкес, баланың анасы Талас ауданындағы ауылдық мектептердің бірінің оқушысы, 16 жастағы кәмелетке толмаған қыз бала.
Еске сала кетсек, осыған ұқсас оқиға Жамбыл облысында қаңтардың үші күні тіркелген. Онда жолаушының бірі тасжолдың бойындағы дәретханадан жаңа туған шақалақты тауып алған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылшамен сырқаттану деңгейі 1,4 есеге азайды
- 20 қаңтар, 2026
Халықтың саулығы бәрінен маңызды
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




