барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулері алдағы 18 қаңтар-13 ақпан аралығында өтеді
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығын іске асыру мақсатында соңғы жылдары облыстағы аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер мен аудан, қала әкімдері жұртшылық алдында жыл бойы атқарылған жұмыстары, өңірдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуы мен алдағы міндеттері туралы есептерін ортаға салып, тұрғындардың ой-пікірі мен ұсыныс-тілектерін де басшылыққа алуда. Бұл іс дәстүрге де айналған.
Облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі Мәди Мәтен жауапты науқанның биыл қашан, қалай өткізілетіні туралы сауалымызға былай деді. – Барлық деңгейдегі әкімдердің жұртшылық алдында есеп беруі билік пен халықтың арасын жақындату, түйінді мәселелерді шешу, зерттеу бағытындағы оң шешім екенін өмірдің өзі дәлелдеуде. Өткен жылы 14 қаңтар мен 14 ақпан аралығында барлық деңгейдегі әкімдер және 20 ақпанда облыс әкімі халық алдында өз есептерін берген болатын. Барлық өткізілген 379 кездесуге 44 мыңнан аса адам қатысып, 1207 ұсыныс айтылды. Оның ішінен 228 мәселе бақылауға алынып, арнайы іс-шаралар жоспарына енгізілсе, қалғандарына мерзімінде жауаптар берілді. Бүгінде іс-шараға енген 228 мәселенің 160-ы өз шешімін тапса, 68 мәселе кезең-кезеңімен орындалуда. Облыс әкімінің есебіне келсек, есеп кезінде облыс тұрғындарын толғандырып жүрген өтініш-тілектердің 27-сі арнайы іс-шаралар жоспарына енгізіліп, бақылауға алынды, оның бүгінде 16-сы өз шешімін тапты. Қалған мәселелер жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында. Іс-шаралардың орындалу барысы тоқсан сайын әкімдік мәжілістерінде талқыланып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануда. Биыл есеп беру кездесулері 18 қаңтар – 13 ақпан аралығында өтпек. Осы мерзім ішінде Тараз қаласы мен аудандар, 156 аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер мен ауылдар әкімдерінің, ал 19 ақпанда облыс әкімінің есебін өткізу көзделіп отыр. Барлығы 379 кездесу өткізу жоспарланған.
Баймаханбет АХМЕТ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді