«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ауыл ақсақалдарының да айтары бар

Ауыл  ақсақалдарының   да  айтары бар
ашық дереккөз
Ауыл ақсақалдарының да айтары бар

Ақкөл ауылында 280 зейнеткер тұрады. Бұл – біздің округтегі ақсақалдар кеңесі осыншалықты адаммен қоян-қолтық жұмыс істейді деген сөз. Жиһаздар және керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген кеңсеміз бар. Барлық жағдай жасалған кеңседе ақсақалдар күнделікті бас қосып, бір мезгіл ауыл-елдің мұң-мұқтажын әңгіме етеміз. Сондай-ақ, облыстық, аудандық деңгейдегі үлкен басшылардың алдына қандай мәселелер қою керектігі жөнінде ақылдасып, жұртты майда-шүйде әңгімелерден аулақ болуға шақырамыз. «Сын түзелмей, мін түзелмейді». Кейде басшылардың бетіне тура сын айтып тастайтын кездер де болады. Ауылдың тазалығы, көріктендірілуі, көгеріштендірілуі, жастардың тәртібі, анда-санда болып тұратын ағайын арасындағы өкпе-наз біздің назарымыздан тыс қалған емес. Осындай қоғамдық жұмыстардың барлығында біз «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымымен, ауыл имамымен, басқа да қоғамдық ұйымдармен бірлесе іс-қимыл жасаймыз. Алдағы облыс қарияларының құрылтайында бізге қатысты өзекті мәселелер көтерілері анық. Оған барлық деңгейдегі басшылар да қатысады. Осыған байланысты көкейде жүрген бірқатар мәселелерді алға тартар болсам, ең алдымен бастауыш ұйымдардың алаңсыз жұмыс істеуіне мүмкіндік жасалуы керек деп ойлаймын. Біздегідей барлық ауылдық округтегі ардагерлер кеңесінің өз бөлмесі болуы тиіс. Сонда ғана олардан толыққанды жұмыс талап етуге болады. Сонымен қатар, ардагерлерге медициналық жәрдем тұрақты көрсетіліп, оларға берілетін дәрі-дәрмек, емдеу-сауықтыру орындарына жолдама қолжетімді жағдайда болса, құба-құп болар еді.

Тұрғанбай Тәжібекұлы, Ақкөл ауылдық округі ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы.

Талас ауданы.

Ұқсас жаңалықтар