Доллар арзандай түсті
KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 363,8 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шетел валютасы 3 теңгеге арзандап отыр. Таңертең доллар 366,54 теңге болған еді.
Күндізгі сессияда алғашқы келісім 365,01 теңгемен басталды. Ең жоғарғы баға да осы. Ең төмені 362,5 теңге болды. Сессияда сауда көлемі 41,5 миллион доллардан асты. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары долларды 364-366,5 теңге аралығында сатып жатыр.
Айта кетейік, кеше долларды ақша айырбастау орындары 370 теңгеден сатқан еді. Дегенмен бүгін бағам қайта түсе бастады.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




