Жамбыл облысының орталығында көктемгі жылы ауа райы сезіледі. Таразда, тіпті, бақбақтар гүлдеген, ал облыс орталығынан небәрі бір сағат қашықтықта қар жатыр және аяз.
«Қазгидромет» РМК ақпаратынша, оңтүстік циклон Қазақстанның оңтүстігіне құбылмалы ауа райының болуына әсер етті. Температуралық режім түнгі - 5 градустан күндізгі +5 градус Цельсияға дейін ауытқып тұр.
Таразда ауа райы әлдеқайда жылы. Бұл күндері сынап бағаны +12 +14 градусқа дейін көтерілген. Бұл қаңтардың орташа жылдың температура көрсеткішінен әлдеқайда жоғары.
Осыған байланысты Таразда көк (жасыл) шөп пен гүлдеген бақбақтарды да көруге болады.
Синоптиктер ескерткендей, қаңтардың екінші жартысында Таразда күн суытады.
Қаңтардың үшінші онкүндігінде ауа температурасы -22 - 27 дейін, кей жерлерде -32 градус аязға дейін төмендейді.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді





