Бақытжан Мүлкібаев, аудандық соттың төрағасы.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласын мұқият оқи отырып, «Құқық тәртібі және заңдылық» деп аталатын екінші реформасы негізінде тәуелсіз сот төрелігі мен Қазақстанның бүкіл құқық қорғау жүйесі тек қана азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етіп, заңдарды бұлжытпай орындауға және құқық тәртібін нығайтуға бағытталғанын байқадым. Биылдан бастап «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық Заңға, Қылмыстық іс жүргізу кодексіне және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске қажетті өзгерістер енгізілгені құптарлық жайт. Өйткені, тәртіпке бағынбайтын елдің ертеңі бұлыңғыр болатынын Ұлт Көшбасшысы жақсы біледі. Сондықтан да Қазақстанның келешегі үшін мемлекеттің кәсібилендірілуі тұрғысындағы осы оңтайлы жүйені әлемдегі дамыған елдердің тәжріибесіне сүйене отырып дүниеге әкелді. Біз Елбасының мақаласында айқындалған еліміздің даму бағыттарын, сот жүйесіндегі заңдардың өзгеруін аудандық сот ұжымы арасында кеңінен талқыладық. Президентіміздің аталған мақаласының мән-мазмұны шын мәнісінде өте тереңде. Біз ендігі жерде Елбасы көрсеткен заңдағы өзгерістерді оң қабылдап, алдағы уақытта осы бағытта нәтижелі жұмыс жасауымыз керек. Сонда ғана Елбасы айтқан біздің қазақстандық арманымыз орындалып, XXI ғасырдағы көшбасшы отыз ұлттың бірі бола аламыз. Айта кетер тағы бір жайт, жаңартылған заңнамалар алдағы уақытта қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттыруға оң ықпал ететін болады. Қазақстанның сот жүйесінде соңғы жылдары көптеген реформалар жүргізіліп, ол халықаралық стандарттарға сәйкестендірілуде. Жаңа енгізілген өзгеріске орай, енді барлық сот отырыстары дыбыс-бейнеқұрылғының көмегімен жазылады. Бұл сот мәжілісі хатшыларына да пайдалы болмақ. Дыбыс-бейнеқұрылғылардың болуы қаралып отырған істің де дер кезінде әрі сапалы шешілуіне мүмкіндік береді. Сот жүйесін дамытуға аудандық соттың да қосар үлесі зор. Мәселен, 2015 жылдың 12 айында 340 талап-арыз және 44 әкімшілік іс «сот кабинеті» электрондық қызмет көрсету жүйесінің көмегімен қабылданған болатын. Осы санаттағы талап-арыздар саны бүгінде едәуір арта түсуде. Жаңа технологиялардың көмегімен барлығы 425 SMS хабарлары жіберілсе, SMS мәтініндегі шақыртулар мен хабарландырулар және пошталық сәйкестендіргіш штрихы /ШПИ/ арқылы 423 сотқа шақыртулар мен хабарландырулар жолданған. Сондай-ақ, барлығы 400 іс аудио-бейнежазба арқылы қаралды. Енді алдағы уақытта Елбасы көрсеткен сара жолмен, яғни заңдағы өзгерістерді бұлжытпай орындап, еліміздің дамуына елеулі үлес қосатынымызға сенімдімін.
Мойынқұм ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді