Қазақ ғалымы 25 жасқа жасартатын білезік ойлап тапты
Алматы қаласының тұрғыны, физиолог Төреғали Батырханұлы жасартатын электронды білезік ойлап тапты. Ғалымның айтуынша, білезік арқылы 25 жасқа жасаруға болады. Құрылғының жұмысы қарапайым түсіндіріледі: қысым түскен сәтте білезік «қуаныш гормоны» серотинин мен эндорфин өндіруге септігін тигізеді. «Адамда 30 секунд бойы жағымды гормондар бөлінуі керек. Ал 30 секундтан асып кетсе ол улы гормондар болады. Осы құрылғы ағзаны анықтап, қалпына келтіреді. Сонда адамда жасару үдерісі жүріп, жақсы көңіл күй пайда болады», — дейді физиолог.
Төреғали Батырханұлы құрылғыны 10 жылға жуық уақыт бойы жасаған. Тіпті патенттеп қойыпты. Білезікті киіп көргендер бірнеше процедурадан кейін ауыр күйзелістің жоғалатынын байқапты. Алайда қазіргі уақытта білезікті ғалымның туыстары ғана тағып жүр. Әйтсе де, ғалым өз ойлап тапқан білезіктің эстетикалық медицинаның айнымас бір бөлігіне айналады деп сенеді. Оның пікірінше, толықтай жасару үшін сегіз ғана процедурадан өту керек екен.
jas.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




