LG G5 смартфонында қос дисплей болады
LG компаниясы G5 смартфонын осы жылдың бірінші тоқсанында шығаруға бел буды. Оның басты ерекшелігі – қос дисплейі болмақ. Смартфонда негізгі (5,3 дюйм) және оның үстінен орнатылған қосымша экран болады. Қосымша дисплей заманауи смартфондар экранының жоғары бөлігінде көрсетілетін ақпаратқа арналған.
Сипаттамасына келер болсақ, бұл модельде Snapdragon 820 процессоры болады. Құрылғының оперативті жадысы 32 Гб-ты құрайды. Смартфонның 16 және 8 мегапиксельді екі камерасы бар.
Бір қызығы, LG G5 иесін оның саусақ іздерінің таңбасынан танитындай етіп шығарылады. Сондай-ақ оның «сиқырлы слот» атты саңылауына өзге түрлі аксессуарларды жалғай аласыз. Сарапшылардың айтуынша, енді бұл смартфон iPhone 6s Plus-пен толыққанды бәсекеге түседі.
jas.kz
Ұқсас жаңалықтар
Қызылшамен сырқаттану деңгейі 1,4 есеге азайды
- 20 қаңтар, 2026
Халықтың саулығы бәрінен маңызды
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




