Цукерберг жасанды интеллект құрмақшы
Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг 2016 жылы үйде, жұмыста көмектесетін жасанды интеллект құруды жоспарлады. «2016 жылы мен алдыма қарапайым жасанды интеллект құру мақсатын қойдым, ол үй іші істерін басқарып, маған жұмыста көмектесер еді. Мысалға, «Темір адамдағы» Джарвис тәрізді» деп жазады Цукерберг әлеуметтік желідегі өз парақшасында.
Цукерберг жасанды интеллектіні құруды бүгінгі күні бұл саладағы технология қандай жетістікке жеткенін зерделеуден бастауды жоспарлауда.
«Бұдан кейін біздің үйдегі барлық нәрсені: музыканы, жарықты, температураны және басқаларын – басқаруы үшін мен оны даусымды түсінуге, достарым есікке қоңырау шалғанда, олардың бет-әлпетін тануға үйретемін» деп жазды Цукерберг.
Сондай-ақ жасанды интеллект оған сервистер және жаңа жобалар жасауға көмектесуі тиіс.
jas.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




