«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бағытымыздың бағдаршамы

Бағытымыздың  бағдаршамы
ашық дереккөз
Бағытымыздың бағдаршамы

Облыс тұрғындары Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты жаңа еңбегін қызу қолдауда

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» деп аталатын бағдарламалық мақаласы бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көре салысымен отандастарымыз және облыс халқы тарапынан қызу қолдауға ие болды. Бағытымызды айқындаған басты мақаланың жарық көруінде үлкен мән бар. Өйткені, үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. Мазмұнды мақалада оны жүзеге асырудың тетіктері егжей-тегжейлі баяндалды. Бізге тарихымызда бұрын-соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдаудың маңызы зор екені белгілі. Оның үстіне, олар бізді қазақстандық арманымыз – осы ғасырдың ортасына қарай әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына жетелейтіні анық. Сондықтан, мақала жарық көрісімен облыста еңбек етіп жатқан түрлі сала мамандары Елбасының елдігіміздің ертеңіне ерекше бағдар беретін мақаласымен танысып қана қоймай, өздерінің жүрек түкпірлерінен шыққан лебіздерін де білдіруде.

Ұқсас жаңалықтар