«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Облыс басшысына ризамыз

Облыс басшысына ризамыз
ашық дереккөз
Облыс басшысына ризамыз

Облыс орталығының Тараз қаласынан қозы көш жердегі Байзақ ауданы халқы әлі күнге «көгілдір отынға» зәру болып отыр. Біз бұл мәселені талай жиындарда көтердік. Облыстың бұрынғы басшыларының да алдына бардық. Бірақ, шешімін таппай келді. Жақында бір топ қария осы мәселені көтермекке облыс әкімі К.Көкірекбаевтың қабылдауына жазылдық. 

Бізді жайдары қабылдаған облыс басшысы айтқан уәжімізді мұқият тыңдады. Біз аудандағы 21 ауылдың «көгілдір отынға» мұқтаж екендігін алға тарттық. Кәрім Нәсбекұлы сол заматта тиісті орындарға қоңырау шалып, сөйлесіп жатты. Мына дағдарыс кезеңінде қалай болар екен деп жүрексініп отырдық. Түсінгеніміз, жобалық-сметалық құжатты әзірлеу үшін 78 миллион теңге қаражат қажет екен. Облыс әкімі мәселені сол жерде шешті. Биыл тиісті қаражат бөлініп, газдандыру жұмысы қолға алынатын болды. Біз, қариялар Кәрім Нәсбекұлына батамызды беріп, алғысымызды жаудырып, риза болып шықтық.

Бір топ қариялар атынан: Ермек Тоқымбаев.

Жақаш ауылы, Байзақ ауданы.

Ұқсас жаңалықтар