Жыл өткен сайын елімізде, оның ішінде, облысымызда да демографиялық өсім жоғарылап келеді. Облыстық перинаталдық орталық дәрігерлері биыл «алтын құрсақты» аналар саны едәуір көп екенін айтады. Жаңа жылда өңір тұрғындарының қатары жаңа туған бірнеше ондаған сәбимен толығыпты. Қай кезде де адам жанының арашашысы болып, көмек қолын созуға дайын тұратын ақ желеңді абзал жандар: «Әйелдерді аман-есен босандырып, нәрестенің шыр еткен даусын естігеннен артық бақыт жоқ», – деп санайды. «Орталықта сәбилер күнбе-күн дерлік дүние есігін ашып жатады. Дәрігерлер әрдайым аяғы ауыр аналарды босандырып алу үшін барын салады. Биылғы жаңа жылдың алғашқы аптасы ішінде жаңа босанған әйел-аналар көп болды», – дейді облыстық перинаталдық орталықтың дәрігер-неонатологы Қаламқас Наурызбаева. Оның айтуынша, бүгінде жаңа технологиялармен жабдықталған мекеменің қызметкерлері ана мен баланың денсаулығын сақтап, нығайту жұмыстарын жүйелі жолға қоюда. Өйткен, «Денсаулық – 2020» бағдарламасында ана мен баланың денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөлінген.
Дәрігерлердің айтуынша, Жаңа жыл түнінде облысымыздағы перзентханаларда 89 сәби дүниеге келіпті. Мешін жылымен бірге дүние есігін ашқан 47 ұл мен 40 қыз баланың денсаулығы қалыпты көрінеді. Ал қаңтар айының 1-і мен 5-і аралығындағы дүниеге келген сәбилер саны 306-ға жеткен. Оның ішінде 142-сі – қыз бала, 164-і – ұл бала. Өткен жылы өңірдің демографиялық ахуалы айтарлықтай оңды өзгерістермен ерекшеленген екен. Бұл оң құбылыс жаңа жылда да жалғасын табуда. Жалпы, мамандар қазір аймақтағы демографиялық ахуалдың көп жақсарғанын айтады. Мәселен, соңғы үш жылда оның алдындағы жылдарға қарағанда дүние есігін ашқан сәбилер саны айтарлықтай артқан.
Наурызбек САРША, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді