Түркия мен Қазақстан арасында визалық режим қалпына келеді
- author «Ақ жол»
- 8 қаңтар, 2016
- 265
Түркия ағымдағы жылдың маусым айынан бастап әлемнің 89 елімен визалық режимді қалпына келтіреді. Олардың арасында Қазақстан да бар.
Бұл туралы түріктің Haberizmir газеті хабарлады деп жазады ras.kz.
Басылым хабарлағандай, бұл туралы шешім Түркия мен Еуропа одағы арасында визалық режим мен реадмиссияны жеңілдету туралы келісімге қол қойылуына байланысты қабылданған.
Визалық тәртіп қайта енгізілетін елдер қатарында Қазақстаннан бөлек, Албания, Әзербайжан, Белиз, Босния және Герцеговина, Экватор, Грузия, Иран, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Моңғолия, Өзбекстан, Түрікменстан және Украина сияқты елдердің аттары аталады.
Газеттің жазуына қарағанда, аталмыш шешім Түркияның туристік секторы өкілдері тарапынан әлден алаңдаушылық туғызып жатыр. Елдің отельер және инвесторлар ассоциациясының жетекшісі Тимур Байындыр Түркия азаматтарына Еуропа одағы елдеріне визасыз бару режимін енгізудің маңызы зор болғанына қарамастан, енді Анадолы жерінің өзіне туристердің келу тасқыны күрт азаятынын айтып, алаңдаушылық білдірді.
«Сыртқы істер министрлігі мен мәдениет және туризм министрлігі туристер тасқынын төмендетпеудің алдын алып, тиісті шараларды қолданатын шығар деген үміттеміз», – деді Байындыр.
Ұқсас жаңалықтар
Медицина саласы серпінді дамуда
- 14 қаңтар, 2025
Метапневмовирус қаншалықты қауіпті, облыстағы жағдай қандай?
- 14 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді