Республикалық меншіктегі нысандарды сатудан бюджет 5,5 млрд теңгеге толықты
- author «Ақ жол»
- 8 қаңтар, 2016
- 237
Республикалық меншіктегі нысандарды сатудан бюджет 5 млрд 509 млн теңгеге толықты, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен.
2014-2016 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес 833 нысанды сауда-саттыққа шығару жоспарланған.
2014 жылдың маусым - 2016 жылдың қаңтардағы кезеңінде 491 нысан жекешелендірілуге жатады. 2016 жылдың 5 қаңтардағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 428 нысан шығарылды, оның ішінде 239 нысан сатылды, республикалық меншік бойынша - 15, коммуналдық меншік бойынша - 114, ӘКК бойынша - 60, холдингтер бойынша - 50.
Сатудан түскен қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 5 509 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 2 937 млн. теңгеден астам, холдингтер - 67 261 млн теңге, ӘКК - 2 956 млн. теңге.
Республикалық меншік бойынша
Барлығы 2014-2016 жылдарға арналған сату кестесі бойынша 41 нысан жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың қаңтардағы кезеңінде іс жүзінде 28 нысанды өткізу жоспарланған. Ағымдағы жылғы 5 қаңтардағы жағдай бойынша сауда-саттыққа 28 нысан шығарылды, оның ішінде 15 нысан сатылды.
Коммуналдық меншік бойынша
Барлығы 2014 - 2016 жылдарға арналған сату кестесі бойынша 491 объектінің сауда-саттыққа белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың қаңтардағы кезеңінде 243 нысан жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 5 қаңтардағы жағдай бойынша 221 нысан саудаға шығарылды, соның ішінде 114 нысан сатылды.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2016 жылдарда сату кестесі бойынша сауда-саттыққа 170 нысан белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың қаңтардағы кезеңінде 109 нысан жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 86 нысан сатуға қойылды, 60 нысан сатылды.
Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша 2014 - 2016 жж. арналған сату кестесі бойынша 131 объект жекешелендіруге жатады, 5 қаңтардағы жағдай бойынша жоспарланған 111 нысанның 93-і саудаға шығарылды, оның ішінде 50 нысан сатылды.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді