«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Біз – зейнеткерлер қуанып отырмыз

Біз – зейнеткерлер қуанып отырмыз
ашық дереккөз
Біз – зейнеткерлер қуанып отырмыз

Жақсыкүл ТӨЛЕГЕНОВА, көп балалы ана.

«Қартын қадір тұтқан ел бақытты» демекші, Тәуелсіз еліміздің қариялары бақытты. Зейнетақымызды уақтылы алып, оны немерелеріміздің ырзығына жаратып балалар мен келіндердің бір жағында сүйеу болып жүрміз. Өзім он баланың анасымын. Шалым да зейнеткер. Құдайға шүкір, екеуміздің зейнетақымыз өзімізге де, балаларға да жетіп артылады. Елбасымыз халықтың қамын жеп, еліміздің берекесін арттырып, дәулетін тасытып отыр. Былтыр қараша айының соңында халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауын ерім екеуміз теледидардан тыңдап, газеттен оқыдық. Елбасы дүниежүзін жайлаған дағдарыстан қалай шығу қажеттігін жан-жақты айтып берді. Айтып қана қойған жоқ, ат үстінде жүрген азаматтардың алдына нақты міндеттер қойды. Ана жылғы экономикалық дағдарыстан да аман-есен шықтық, бұл жолы да шығамыз. Дағдарысты еңсеруге қабылданып жатқан түрлі жоспарлар мен бағдарламаларды еске алып, осылай деп сеніммен айта аламын. Оның үстіне, өзіміздің ауылда, ауданда атқарылып жатқан игілікті істерді көріп, ел ертеңінің кемел болатынына көз жеткіземін. Алыс-жақын шетелдерде болып жатқан түрлі оқиғаларды, босқынға ұшыраған халықты, мың-мыңдап қысқарып жатқан жұмыс орындарын көргенде бүгінгі күнімізге мың мәрте тәубе деймін. Жұмыстағы балалардың айлықтары да Жаңа жылдан бастап еселеп өсті. Мемлекет басшысы үйде немерелерге бас-көз болып отырған біз сияқты қарияларды да ұмытпай зейнетақымызды ұлғайтып отыр. Биыл ғана емес, жыл сайын зейнетақымыз өсуде. Қарттарға бұдан артық не керек? Біздің жағдайымызды жылдан-жылға жақсартып отырған мемлекетімізге біз де қолдан келген көмегімізді көрсетуіміз қажет. Ел бірлігі мен ынтымағын бекемдей түсуге, ел ертеңі – жас желкеннің бойына отансүйгіштік рухты, патриотизмді сіңіруге біз сияқты аналар да үлес қоса алады.

Жуалы ауданы.

Ұқсас жаңалықтар