Менделеев кестесі ретінде белгілі химиялық элементтердің периодтық жүйесіне жаңа төрт элемент енгізілді.
Бұл төрт элементтің бәрі бұдан бірнеше жыл бұрын ашылған болатын, алайда сараптамашыларға мәліметтерді қайта тексеруге уақыт қажет болды. Енді кестенің жетінші қатары түгел толтырылды, деп хабарлады Би-би-си.
113, 115, 117 және 118-ші нөмірлерді иеленген жаңа элементтердің әзірге тұрақты атауы жоқ. Ғалымдар оларды кейінірек ойлап таппақ. Төрт элементтің бәрі де аса ауыр элементтерге жатады.
115, 117 және 118-ші элементтерді ресейлік және американдық ғалымдардан құрылған халықаралық зерттеу тобы ашты.
Бұл топ 113-ші элементті де алғашқы ашушы құқығын иеленуге үміткер болды, алайда қорытындысында сарапшылар бұл ашылымды Жапония ғалымдарына бекітті.
Соңғы рет химиялық элементтердің периодтық жүйесіне өзгерістер 2011 жылы енгізілген болатын. Сол кезде оған 114-ші және 116-шы элементтер қосылды.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




