«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Достықты ту еткен дәстүріміз бар

Достықты  ту еткен дәстүріміз  бар
ашық дереккөз
Достықты ту еткен дәстүріміз бар

IMG_7134Зүбайра Сембина, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығының бас инспекторы.

Қой жылы елімізде жағымды жаңалықтар көп болды. Биылғы жыл – Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығы, бейбітшілік жылы аталып, ел бірлігінің, Елбасы жариялаған Қазақстан халқы Ассамблеясының, қоғамдық келісімнің қазақстандық моделінің салтанат құрған жылына айналды. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы – нақты істерге толы болды. Мерейлі жылдың құрметіне орай облыс орталығында, облыстың 374 елді мекенінде Біртұтас Қазақстан халқының бірлігін және елеулі жетістіктерін арқау еткен 1,5 мыңнан астам іс-шара өтті. Оған барлығы 400 мыңға жуық адам қамтылды. Мемлекет басшысының қатысуымен Тараз қаласында «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» атты республикалық форум өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толуына арналған «Менің Қазақстаным», «Денсаулық» пойыздарын қарсы алу аясында бірқатар әлеуметтік, медициналық, құқықтық қызмет көрсету, мәдени және қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Жиырма ізгі іс» эстафетасының нышаны – халықтың бірлігі мен берекесін бейнелейтін «Тайқазанды» қайырымдылық істермен толтыруға ат салыстық. Акция аясында тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған бөлігіне, соғыс және тыл ардагерлеріне, балалар үйлері мен интернаттардың тәрбиеленушілеріне атаулы көмектер көрсетілді. Облыс басшысының қолдауымен су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды, Ақмола облыстарына 640 тонна құрылыс материалдары мен 2,9 миллион теңге қаржылай көмек көрсетілді. Мұның барлығы халқымыздың дархан көңілінің көрінісі деп білемін. Мұндай ауқымды шаралар халықты ұлттық бірлікке шақырып, қоғамдық келісім мен толеранттылықтың бұрынғыдан да беки түсуіне мол мүмкіндік береді. Этномәдени бірлестіктердің басшыларының мерейлі жыл барысында атқарған жұмыстары үшін облыс әкімі өз алғысын білдіргенін де атап өткім келеді. Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма екінші сессиясында «Стратегия – 2050», Жаңа индустрияландыру, «Нұрлы жол» бағдарламалары, «Мәңгілік Ел» идеясы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын мегажобалар екеніне тоқталып, Ассамблеяның бүгінгі орталық міндеті бес реформаны жүзеге асыруға, бірінші кезекте болашағы біртұтас ұлт қалыптастыруға белсене қатысу болып саналатынын атап өтті. Сондықтан, ел алдында тұрған міндеттерді орындау үшін бірлікті сақтау керек. Ең басты ортақ құндылықтарымыз – егемендігімізді, Тәуелсіздігімізді, бірлігімізді сақтап, одан әрі нығайтуымыз қажет. Ассамблея жылы Конституцияның 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және Қазақ хандығының 550 жылдығы сияқты маңызды оқиғаларға толы болды. Қазақстанның әлемдегі 30 «жоғары мәдениетті қоғам» шоқжұлдызына енуін қамтамасыз ету жолында Ассамблеяның алар орны ерекше.

Ұқсас жаңалықтар