«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жаңа жыл ел игілігі жолындағы іргелі істерге серпін берсін!

Жаңа жыл ел игілігі жолындағы  іргелі істерге серпін берсін!
ашық дереккөз
Жаңа жыл ел игілігі жолындағы іргелі істерге серпін берсін!

Құрметті жамбылдықтар! Міне, тағы бір жыл тарих қойнауына еніп, Жаңа жыл табалдырығымыздан аттап отыр. Өткен қой жылы ұлан-ғайыр ұлағатты істермен, мәні зор маңызды оқиғалармен тарихта қалатыны анық. 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Жеңістің 70 жылдығын, Конституцияның 20 жылдығын, Президент Жарлығымен жарияланған Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын жоғары деңгейде атап өтіп, елдігімізді таныттық. Бірлігіміздің берік екенін көрсеттік. Мемлекетіміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі – біз үшін әлемдік бәсекелестік биігіндегі ұлы жеңіс! Осы арқылы экономикамыз тұрақтанып, кәсіпорындарымыздың өнімдері шетел нарықтарына шығуын қамтамасыз еттік. Ал тұтынушылар үшін тауарлар мен қызметтердің кең ауқымын таңдау жасауға жол ашылды. Ел экономикасын өркендетуге негізделген бес институционалдық реформаны іске асыруға арналған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары мен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында дағдарысқа қарсы және құрылымдық өзгерістердің 5 бағыты айқындалды. Осы құжаттарда көрсетілген тапсырмаларды іске асыруда нұротандықтардың облыс тұрғындарымен бірлесе атқаратын шаруасы аз емес. Қадірменді жерлестер! Сіздерді, Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 2016 жыл ел игілігіне арналған іргелі істерге серпін беретін жыл болсын. Жаңа жыл шаңырақтарыңызға бақыт пен шаттық, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық әкелсін.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі.

Ұқсас жаңалықтар