Ұлыбритания мұражайына қойылған қазақ мәсісі шетелдіктерді таңғалдырды
- author «Ақ жол»
- 30 желтоқсан, 2015
- 759
Ұлыбритания мұражайы 25-ке жуық ислам әлеміне тиесілі көне етіктерді ел назарына шығарды. Олардың ішінде 1900 жылы шебер жасалған қазақ мәсісі де бар. Қазақ мәсісінің ерекше дизайны шетелдіктерді қатты таңғалдырды, деп хабарлайды massaget.kz порталы.
«Мәсі Қазақстанның Балқаш көлі маңында 1900 жылдары тігілген. Ер кісілер мен әйелдерге арналған мәсі теріден жасалып, ою-өрнектермен безендірілген. Өрнектер табиғатты, қой, мысық секілді жануарларды суреттейді. Бұдан өзге Солтүсік Африка, Түркия, Таяу Шығыс, Иран, Орталық және Оңтүстік Азияның көне етіктерін де тамашалай аласыз. Бұл жәдігерлер қазақ халқының 1800 жылдан бері осы өңірлерде техника мен материалдардың ерекше бай үлгілерін қолданғанын және туындылар жасауға бейім болғанын аңғартады», - деп жазылған мұражайдың желідегі ресми парақшасында.
Қазақ мәсісін көрген шетелдіктер оны қазір де қуана киюден бас тартпайтынын, аяқ киім көздің жауын алатындай керемет жасалғанын айтып, таңданыстарын желіде жарыса жазған.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




