Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Қазақстанға $50 мың айыппұл салды
- author «Ақ жол»
- 30 желтоқсан, 2015
- 632
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы зілтеміршілер допинг қолданғаны үшін Қазақстанға 50 000 доллар көлемінде айыппұл салды.
Айыппұл көлемі допинг қолданған спортшылар санына қарай көрсетілген. Спортшылары ең көп допинг қолданған – Әзірбайжан құрамасы. Әзірбайжанның алты, Ресейдің төрт, Қазақстан, Молдова және Қытайдың үш спортшысы допинг қабылдағаны үшін жарыстардан уақытша шеттетілді.
Осыларды ескере келе, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Әзірбайжанға 200 000, Ресейге 100 000, қалған үш құрамаға 50 000 доллар көлемінде айыппұл салынды.
Егер аталған құрамалар айппұлды дер кезінде төлемесе, 2016 жылғы Рио Олимпиадасына берілген жолдамаларлар кері қайтарылады.
Еске сала кетейік, жақында қазақстандық ауыр атлеттер — Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртай допинг қолданғаны үшін ұсталғанболатын.
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




