«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Дін істері комитетінің төрағасы жаңа жылды тойлауды ерсі санайтындарға өз ойын айтты

Дін істері комитетінің төрағасы жаңа жылды тойлауды ерсі санайтындарға өз ойын айтты
ашық дереккөз
Дін істері комитетінің төрағасы жаңа жылды тойлауды ерсі санайтындарға өз ойын айтты

pogudx419ldfkmlvt.2521fc85Кейбір адамдардың жаңа жылдық мерекені қарсы алумен байланысты дәстүрлерді теріске шығару себептері туралы Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин baq.kz-ке берген сұхбатында түсіндіріп берді.

Бүгінде деструктивті діни ағым жетегіндегі адамдардың жаңа жылды тойлауға қарсы көзқарастары мен пікірлері барған сайын күшейіп келеді. Мәселен, балабақша мен жалпы білім беретін орта мектептерде осы ағымға ерген ата-аналардың өз балаларына жаңа жылдық іс-шараларға қатысуға тыйым салған оқиғалар жиі кездесуде.

“Ең алдымен, бұл тақырыпқа түсінік тұрғысынан келу керек деп ойлаймын. Біріншіден, жаңа жыл діни мейрамға жатпайды. Қазақстанда адамдар және қандай да бір діни ұйымдар жаңа жылды діни мереке ретінде атап өтпейді әрі бұл күні ешкім ештеңеге табынбайды. Жаңа жылдың дінге еш қатысы жоқ, ол бәзбіреулер айтып жүргендей христиан дініндегі Иса пайғамбардың туған күні емес. Иса пайғамбардың туған күні бөлек және оны христиандар жеке атап өтеді. Ал, заманауи қоғамда аталып өтілетін жаңа жыл – күнтізбелік жыл ауысымына байланысты отбасылық немесе халықтық сипаты басым той. Жалпы, адамдар осы күні өткен жылдың аяқталып, жаңа жылдың басталғанын тойлайтындықтан, олардың бұл шешімін діни көзқарастармен байланыстырудың еш қисыны жоқ. Әлемнің көптеген бөліктерінде Жаңа жылды адамдар мен халықтар дінге, конфессияға, ұлтқа бөлінбестен атап өтеді. Менің ойымша, Жаңа жыл мерекесі бүлдіршіндерге қуаныш сезімін сыйлап, тамаша отбасылық дәстүрлерді қалыптастыруға септесетін болса, адамдардың бір-біріне көңіл бөліп, ізгі тілектерін білдіруге, сыйлық жасап, бір-бірінің үйіне қонаққа баруға, тіпті мейрам аясында қайырымдылықпен байланысты игі істермен айналысуға жол ашса – мұндай мерекенің қандай әбестігі болуы мүмкін?” – дейді Шойкин.

Төраға осы ретте деструктивті ағымдар өкілдерінің өз көзқарасына қайшы келетін кез-келген мерекені ерсі санайтынын да атап айтты.

“Бұл радикалды ағым өкілдерінің халқымызбен жасасып келе жатқан мерекелерге, зайырлы іс-шаралар мен өзге діндердің тойларына төзімсіздік білдіруінің бір белгісі ғана. Олар тіптен тамыры тереңнен бастау алатын, табиғаттың түлеуімен байланысты Наурыз мейрамына да қырын қарайды. Олардың, осы ретте, ислам дінін ұстанатын елдерде кеңінен аталып өтетін пайғамбарымыздың туған күнімен байланысты Мәуліт мейрамын атап өтуге де қарсы екені көп жайтта аңғартса керек. Осыдан-ақ олардың басқа көзқарастан туындайтын және өзіндік ерекшеліктерге ие іс-шараларға төзімсіздігін байқауға болады”, – дейді ол.

Ғалым Шойкин сөз барысында Қазақстан бірінші кезекте зайырлы мемлекет екенін естен шығармау керектігін баса ескертті.

“Еліміздің төл тарихын, қазақтардың дәстүрлі құндылықтарын бойына сіңірген исламның қазақстандағы өзіндік даму жолы бар. Аталған дәстүрлер – халқымыздың ұлттық біртұтастық белгісі. Біз өзіміздің төл мәдениетімізді, тілімізді, дәстүрімізді сақтаймыз әрі бірегей тарихи санамызды қалыптастырамыз. Бұл – біздің рухани негізімізді игеру үстіндегі жаһандану заманында ғаламдық мәдениеттің құлдырауынан сақтап қалатын, әртүрлі сипаттағы деструктивті ағымдарға қарсы тұру қасиетімізді қалыптастыратын қалқанымыз. Ал радикалдар тарапынан төнген қауіп осы қабілетімізден ажыратуға және дәстүрлі құндылықтарымызды жат мәдениетпен алмастыруды көздейді”, – деп атап өтті Шойкин.

Сонымен бірге Дін істері комитетінің басшысы қазақстандықтарды осындай жат мәдениетті сіңдіру әрекеттерінен сақ болуға шақырды.

“Мұндай деструктивті ағымдар дін атын жамылып, шын мәнінде, бөгде мәдениетті енгізуді көздейді. Бұл дегеніміз – біздің дәстүрімізге, ұлттық құндылықтарымызға және тарихи санамызға жасалған шабуыл. Біз осыдан айырылатын болсақ, өзіміздің ұлттық-конфессиялық және мәдени тұтастығымызды, тіпті, тәуелсіздігімізді жоғалтатын боламыз. Сондықтан, мұндай әрекеттерге жол бермеуіміз қажет”,  – деді ол.

Ұқсас жаңалықтар