Осы тақырыппен Қазақстан коммунистік халық партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Отырыста сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясының өкілі Ж.Оспанов, «Ауыл» партиясының өкілі Ж.Қазбеков, «Ақ жол» саяси-демократиялық партиясының өкілі С.Әбдісаттаров өткен жыл еліміз үшін айтулы оқиғаларға толы болғанын, үлкен өзгерістер, Қазақстанмен қатар, шетелдерде де орын алғанын қозғады. 2015 жыл қазақстандықтар үшін, ең алдымен, еліміздің Еуразиялық экономикалық одақ пен Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруімен, кезектен тыс Қазақстан Республикасы Президентін сайлауы өткенімен есте қалары сөзсіз. Әлемдік дағдарыс Қазақстан экономикасына да біршама өзгерістер енгізді. Әлем нарығының тұрақсыздығы ел экспортына әсер етті. Ал келер 2016 жылдан не күтеміз? Елбасы халыққа арнаған Жолдауында келер жылдың нақты міндеттері мен межелерін айқындап берді. Елбасы онда шикізат ресурстарын реттеудің, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың, қоғам тұрақтылығының кепілі, мемлекеттің темірқазығы болып табылатын орта топты қалыптастырудың, халық тұтынатын сапалы отандық өндірісті өркендетудің жолдарын нұсқады. Дүниежүзілік дағдарыс – күрделі қиындықтарымен қатар, үлкен мүмкіндіктерге ашылған есік. Бүгінде салық жүйесінде, мемлекеттік басқаруда түбегейлі өзгерістер орын алуда. Әсіресе, өз ісін ашып, шаруасын дөңгелетемін деген ауыл шаруаларына несиенің қолжетімді болуы, сол арқылы оларға мол мүмкіндік беру қарастырылған. Бұл – ауыл халқын жұмыспен қамтып, әлеуетін көтерудің үлкен жолы. Қазақстан коммунистік халық партиясы ел назарын еңбек адамына бұруын, адам әлеуетін арттыру мақсатындағы үлкен инвестициялар тартуды құптайды және тегін техникалық білім беру жүйесін қалыптастыруға толық қолдау білдіреді. Аталған партияның облыстық комитетінің бірінші хатшысы Жарылқасын Нұралиев Қазақстан коммунистік халық партиясының Мемлекет басшысының бастамаларын қолдауға байланысты ұсыныстарын ортаға салды. Коммунистер, ең алдымен, жер мәселесіне көңіл бөліп, жеке шаруашылықтар, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, мемлекеттік бағдарламаларға иек арта отырып, отандық өнімдерді өндіру арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға шақырды.
Әділбек БАҚҚАРА.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді