«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қазақстандық кәсіпкер ондаған миллион долларлық бизнесін ұжымына таратып бермек

Қазақстандық кәсіпкер ондаған миллион долларлық бизнесін ұжымына таратып бермек
ашық дереккөз
Қазақстандық кәсіпкер ондаған миллион долларлық бизнесін ұжымына таратып бермек

pogudx60l9bluc4ag.f10f8ec3Қазақстандық ірі кәсіпкерлердің бірі Барлық Меңдіғазиев өз бизнесін еңбек ұжымының иелігіне беруді жоспарлауда. Бұл туралы өзінің Фейсбуктегі парақшасында танымал заңгер Жангелді Сүлейменов мәлім етті.

Бұл Қазақстан тариxында алғаш орын алайын деп отыр. Меңдіғазиев бизнесті қарапайым жұмысшыларға беруге қатысты барлық заңдық үдерістерді соңына жеткізуді толығымен заңгер Жангелді Сүлейменовке тапсырған.

“Бұл Қазақстан тариxында бұрын-соңды болмаған оқиға. Барлық Меңдіғазиев өзінің бизнесін еңбек ұжымына беруді жоспарлауда. Барлық пен оның зайыбы Нұрия өз кәсіптерін 20 жыл бойы дамытып келді, қазіргі уақытта ол бірнеше бағыттар бойынша кәсіпкерлікті дөңгелетуде. Тәуелсіз талдаудың нәтижесі бойынша, оның бизнесі ондаған миллион доллар тұрады. Ол өнеркәсіптік және кеңсе ғимараттары, көлік, жабдықтар, материалдар мен теxнологиялар. Ол жиырма жылдық жұмыс пен білікті мамандар. Бұл – әділ іскерлік бедел. Осының баршасын Барлық пен Нұрия осы жылдары өздерімен бірге болған адамдарға тегіннен тегін бермек”, – деп жазады заңгер.

Оның айтуынша, мұндай тәжірибе әлі елімізде орын алған емес. “Жеке басым, Қазақстанда осыған ұқсас нәрсенің орын алғанын білмеймін. Шет мемлекеттерде мұндай кездесіп жатады, бірақ біздің елде бұл тұңғыш рет болып жатыр”, – деп атап өтті Сүлейменов.

Заңгердің сөзіне қарағанда, Барлық көп жылдар бойы мұқтаж адамдарға көмектесумен келеді. Ол жетімдер үйінің бүлдіршіндеріне үлкен көмек көрсетуге ынтық.

Енді Барлық пен Нұрия өз қызметкерлеріне осылай көмектесуді жөн санап отыр. БҚО Ақсай қаласында 29 желтоқсанда 9-30 сағатта еңбек ұжымының жиналысы өтеді. Сол жерде Барлық өз шешімін жария етпек. (…) Барлық пен Нұрия маған осы келісімнің заңдық қырын жүргізуді сұрады”, – дейді Сүлейменов.

Нақтылай кетсек, қазіргі уақытта Барлық Меңдіғазиевтің «KSS» ЖШС кәсіпорны 50 млн долларға бағаланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар