Қазақстанда 31 желтоқсанды демалыс күні етіп жариялауы мүмкін
- author «Ақ жол»
- 24 желтоқсан, 2015
- 780
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің пайымынша, 31 желтоқсан күнін демалыс күні етіп жасауға болады.
«Егер де біздің қоғам бұл мәселені қарастырғысы келсе, әрине, болады. Басқа жағынан алып қарағанда, ұжымдық-келісім қатынастары туралы айтатын болсақ, 31 желтоқсан күні тым болмаса түстен кейін жұмыс істегіңіз келмейтінін қоғам мүшесі ретінде жарияласаңыз, онда жұмыс беруші де осындай пікірде деп ойлаймын. Сондықтан да менің ойымша, кәсіпорындарда тәжірибе жүзінде бұл мәселе өздерінің арасында шешіліп жүр. Егер де заңнамалық тұрғыда алып қарайтын болсақ, бұл тақырыпты қарастыруға тыйым салынды деп айта алмаймын»,- деді бүгін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов «Нұр Отан» партиясы баспасөз орталығында өткен брифингте.
Осы орайда ол демалыс ретінде белгіленген мерекелік күндер арнайы заңмен реттелетінін еске салып өтті. Оған сәйкес, 1 және 2 қаңтар демалыс күндері ретінде белгіленген.
Өз кезегінде мәжіліс депутаты Ирина Аронова бұл тақырып қоғамда кеңінен талқыланса, онда депутаттар оны қарастыруға дайын екенін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




