Елдік тойынан ерекше тарту

Елдік тойынан  ерекше тарту
ашық дереккөз
Елдік тойынан ерекше тарту

Тарихы терең шаһарымызда Қазақ хандығының 550 жылдық дүбірлі тойы Елбасының қатысуымен, барша еліміздің бір кісідей ат салысуымен салтанаты асқақтап, дүркіреп, өз деңгейінде өткені мәлім. Осы тойға өз үлестерін қосқан азаматтарға, бірқатар басқарма басшылары мен еңбек ардагерлеріне облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов «Қазақ хандығына – 550 жыл» медалін табыс етті. 

– 2015 жыл айтулы даталарға толы – мерейтойлар жылы болды. Соның ішінде, елдігімізді танытып, мерейімізді асырған – Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы. Шаһарымызда өткен бұл шараға еліміздің барлық өңірі ат салысты. Осы мерейтойға қосқан сіздердің де үлестеріңіз бар, – деді Ерқанат Нұрбапаұлы мерейтойлық медальды тапсырып тұрып. Медальға ие болғандар қатарында Сағынхан Әмреқұлов, Халел Бейсеев, Анатолий Гусаров, Саттар Жанәбілов, Сейітхан Жошыбаев сынды еңбек ардагерлері мен Дүйсенәлі Бықыбаев, Гамлет Қайнарбеков, Еркебұлан Құралбаев, Ерлан Масалимов секілді облыстық басқарма басшылары, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Маржан Қожаева, қалалық әкімдіктің бөлім басшысы Кенжебек Олжабай, облыстық қазақ-драма театрының директоры Болат Бекжанов бар. – Тарихымызды жаңғыртып, елдігімізді танытқан ұлы той ұрпаққа өнеге болады. Сондықтан, бұл тойға үлес қосуды өзіміздің борышымыз деп санадық, – деді еңбек ардагері Саттар Жанәбілов. Марапат­талғандар еңбектерінің еленгеніне риза­шы­лықтарын айтып, осынау бейбіт елде жан-жақты жұмыстар жасауға мүмкіндік танытып, қолдау білдіріп отырған Елбасына, облыс басшылығына алғыстарын жеткізді.

Наурызбек САРША, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар