Денсаулық
Қазақстанда ең төменгі жалақыны банк қызметкерлері алатыны анықталды
- author «Ақ жол»
- 23 желтоқсан, 2015
- 726
Қазақстанда ең төменгі жалақыны банк қызметкерлері алатыны анықталды
Қазақстанда мұнайшылар мен бизнес-кеңесшілері ең жоғары жалақы алады екен. Ал еңбегі ең төмен ақыға бағаланғандар – банк пен түрлі шығармашылық қызметкерлері болып шықты.
Әрине, дәрігерлер мен мұғалімдерден бөлек. Тәуелсіз жасалған сараптама осындай қорытынды беріп отыр.
Нақтыласақ, мұнай-газ саласында еңбек ететіндердің орташа жалақысы – 197 мың теңгені құраған. Кәсіпкерлерге кеңес беруші тұлғалардікі – 145 мың теңге шамасында.
Бұдан кейін «жалақысы жақсы» деп заңгерлер аталыпты. Олардың алары айына – 123 мың теңге көрінеді. 118 мың теңгені қалталап, IT-саласының өкілдері тізімге ілігіп отыр екен.
Жоғары жалақы рейтингісін 108 мың теңгемен Маркентинг және жарнама қызметкерлері аяқтайды.
Ал ең аз айлық алатындардың санатын банк өкілдері бастап тұр. Олар 73 мың теңге айлықты місе тұтады деседі. Дәрігерлер мен мұғалімдердің алары, әрине, одан да төмен. Шамамен – 43 мың теңге.
Бұдан бөлек, «еңбегі мардымсыз» деп аграрлық қызметтің өкілдері, жазушылар, суретшілер және журналистер аталыпты. Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




