Шүкір, еліміз Тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық. Мемлекетіміз дамып, өркендеп келеді. Қазіргі әлем экономикасында қалыптасқан ахуал Қазақстанның дамуына тежеу бола алмайды деп ойлаймын. Себебі, біз 1990 жылдардағы қиын кезеңдерді де жеңгенбіз. Елбасымыз сондай қысылтаяң шақта тәуекелге бел буып, ел астанасын Алматыдан Астанаға көшіру туралы шешім қабылдады. Бұл – халқымыздың болашаққа жасаған сенімді қадамы еді. Биыл Тәуелсіздікке 24 жыл, желтоқсан оқиғасына 29 жыл, ал мен басқарып отырған «Үркер» шаруа қожалығына биыл 18 жыл толып отыр. Осы жылдарда біз бағындырған белес, біз жеткен жетістіктер жетерлік. Тоқсаныншы жылдарда колхоз бен совхоздар таратылып, мал саны азайып, біраз қиыншылықтар туындаған. Ол кезде біздің шаруа қожалықта 10-15 сиыр, 50 қой ғана қалған. Қазір шаруашылығымызда 4000 қой, 300 ірі қара бар. Бұл – Тәуелсіздіктің, Елбасының ауыл шаруашылығын дамытуға жасаған үлкен қолдауының жемісі. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау өте көп. Қараша айында ауыл шаруашылық күніне орай Тараз қаласында үлкен жиын өткен болатын. Жиында облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев мал шаруашылығын дамытуға қосқан үлесіміз үшін бізге «Нива» автокөлігін сыйға тартты. Еңбегімізді елеп бағалаған облыс, аудан басшылығына айтар алғысымыз шексіз. Еңбек бағаланып жатса, жұмыс жандана түседі. Тәуелсіздік – біз үшін қашанда қастерлі ұғым. Осыны өскелең ұрпақтың санасына сіңіру үшін жылды қорытындылап, салтанатты жиын өткіземіз. Төрт жылдан бері дәстүрге айналған жиында қожалықта жақсы қызмет еткен еңбеккерлерге мақтау қағаздарын тапсырып, қаржылай сыйлықтар береміз. Мерекеге арналған «Үркердің» осындай өзіндік сый-сияпаты бар. Ауданымыздағы жағдайы төмен отбасыларына да көңіл бөліп, қожалық атынан арзан бағамен ет сатамыз.
Бәкір Исабеков, «Үркер» шаруа қожалығының жетекшісі.
Мойынқұм ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді