білімі мен білігін елінің болашағына арнайды
Қазақ елі Тәуелсіздік алып, Тәңірге тәубе десіп жатқанда дүние есігін ашқан сәбилер бүгінде 24-ке келді. Ат жалын тартып мінген Тәуелсіздіктің төл перзенттері қазір әр салада еңбек етіп, мемлекетіміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып жүр. Солардың бірі – Байзақ ауданы Жастар орталығының директоры Ернұр Мадияров.
Ернұр Мадияров – Тараз қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының түлегі. Жоғары білімді заңгер, белсенді жас Елбасы саясатына қолдау көрсетуді парызым деп санайды. Ернұр мемлекеттік мүдденің бәрінен жоғары тұратынын, елдік мүдденің маңызды екенін 2011-2014 жылдары «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының жастар саясаты жөніндегі консультанты, «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы, «Жамбыл облысы ауыл жастары одағы» коорпоротивтік қорының атқарушы директоры, Тараз Жастар орталығының аға көмекшісі, облыстық жастар орталығында бөлім меңгерушісі болып еңбек еткен жылдарда айқын түсінді. Талапшыл жастың білсем, үйренсем деген талпынысы нәтижесіз қалған емес. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы мен қала, облыс әкімдерінің Құрмет грамотасы мен еліміздегі жетекші партия төрағасының бірінші орынбасарының және Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Иә, елінің жетістігіне қуанып, ертеңіне үмітпен қарайтын осындай ойлы ұрпақ бар. Олар – тәуелсіз елдің ұландары!
Нұрым Сырғабаев, «Ақ жол».
Байзақ ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




