«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Мұхтар Рахманқұлов – «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»

Мұхтар Рахманқұлов – «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»
ашық дереккөз
Мұхтар Рахманқұлов – «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»
Облысымыздың мәдени өмірінде өзіндік орны бар талант Мұхтар Рахманқұлов Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды. 1952 жылы жер жақсысы Меркінің Аспара ауылында дүниеге келген Мұхтар 1971 жылы Жамбыл мәдени-ағарту училищесін тәмамдады. 1980 жылы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының оркестр-дирижері бөлімін сырттай оқып бітіреді. «Алатау» жастар ансамблінде музыкалық жетекші, көркемдік жетекшісі болып еңбек етті. Осы ансамбльдің құрамында Германия, Польша, Болгария, Индия, Бангладеш, Чехославакия мемлекеттерінде гастрольдік сапарда болып, қазақ өнерінің мерейін тасытты. 1973 жылы Жамбыл жоғары оқу орындарынан құралған ұлт-аспаптар оркестрімен Ташкентте өткен Ортаазиялық фестивалінде екінші орынға ие болып, ВЛКСМ-ның Құрмет грамотасымен наградталады. 1976 жылы Қызылорда қаласында өткен І халықаралық фестивальда лауреат атанды. 1978 жылы Ленинград қаласында А.С.Пушкиннің 120 жылдығында оркестрмен өнер көрсетеді. М.Рахманқұловтың жетекшілігімен «Алатау» домбырашы-әншілер триосы алғашқы республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты атанды. 2005 жылы Таразда өткен К.Әзірбаев атындағы «Шырқа, даусым!» атты халықаралық фестивалінде өзі құрған «Тік шырқау» фольклорлық әншілер тобы ІІ орынға ие болады. 2011 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған республикалық фольклорлы-этнографиялық ансамбльдердің «Ғасырлар сазы» дәстүрлі музыкалы фестивалі байқауында «Жеті төбе» фольклорлы-этнографиялық ансамблімен дипломант атанды. Қазіргі таңда Мұхтар Рахманқұлов облыстық филар­монияның қазақ ұлт-аспаптар оркестрінде қызмет істейді. Жамбыл аудандық «Аса сазы» халықтық ән-би ансамблі мен «Үкілі домбыра» домбырашы-әншілер триосына жетекшілік етеді. «Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар