Тәуелсіздік мерекесіне орай «Достық үйінде» өткен салтанатты жиында Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығының меңгерушісі Лариса Лысова Елбасы бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма жыл ішінде ел бірлігі мен ұлтаралық келісімді және тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесіне тоқталып, жыл қорытындысы бойынша облысымыздың жоғары нәтиже көрсеткенін мақтанышпен жеткізді.
– Тәуелсіздік бізге әр салада толағай табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік берді. Ендігі міндет – осы жетістіктерді еселей түсу, – деді Лариса Анатольевна Ассамблея жылында өңірде өткізілген түрлі іс-шараларға белсене араласқан, оның ішінде республикалық «Ұлы Дала елі» экспедициясы мен «20 қайырымды іс» акциясына қатысқан бірқатар азаматтарға Елбасының Алғыс хатын, сондай-ақ, өзге де бірнеше азаматтарға Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын, Қазақстан халқы Ассамблеясының естелік төсбелгісін табыс етіп тұрып. Аталған шарада елдегі бірлікті нығайтып, қоғамдық келісімді қалыптастыруға үлкен үлес қосқан М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессоры, Жамбыл ауданы «Гуанлён» жастар орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рашид Бакиров, еңбек ардагері Жандар Кәрібаев, облыстық «Знамя труда» газетінің шолушысы Наталья Перфильева, Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі Жанна Сембекова, облыстық «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің мұнай-газ, құрылыс кешені және жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Күлімхан Тоғызбаева, «Қазақстан күрдтерінің «Барабанг» қауымдастығы» аймақтық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының мүшесі Хамид Исмаилов, «Мүгедектердің халықаралық қоғамдық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сергей Чуйков «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Нұрым Сырғабаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Астанада екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтті
- 17 маусым, 2025
Қазақстан - Қытай: екіжақты сауда көлемі 30 млрд долларға жетті
- 16 маусым, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді