Халқымыз Тәуелсіздік мейрамын барлық мерекелердің бастауы деп есептейді. Ел еңсесінің биік, Тәуелсіздігіміздің мәңгілік болғанын қалайды. Тәуелсіздік мерекесіне арналған концерттік бағдарламаны тамашалауға «Достық» алаңына жиналған жұртшылықтың тілегі де осы еді.
«Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік!» атты мерекелік кеш «Ақкербез» би ансамблінің «Дала еркелері» биімен ашылды. Облыстық филармония әншілері «Ұлы Дала елі – Қазақ елі» әнін шырқап, мерекелік шараны қыздыра түсті. Сазгер, әнші Нұрлан Еспановтың «Қазақстан» әнін Әлішер Болтаев нақышына келтіре орындады. Қазақстан эстрадасы әншілерінің арасында өзіндік ән орындау стилімен танылған «Алашұлы» тобы патриоттық әндерді әуелетті. Көпшілік көңілін баурай түсті. Сонымен қатар, өңіріміздің жұлдызды жұбы «Әдемі-ай» дуэтінің орындауындағы сырлы әндер тыңдармандардың құлақ құрышын қандырды. Концерттік бағдарлама «Елім менің» әнімен түйінделді. Мерекелік отшашулар түнгі Тараздың аспанын қызылды-жасылды бояуларға бояп, жұлдыздар жамырап шыққандай әсер қалдырды.
Нұрым Сырғабаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




