Алатау аудандық ІІБ қызметкерлері жоғалып кеткен Тараз тұрғынын Алматыдан тапты.
6 желтоқсанда 44 жастағы Тараз тұрғыны Серік Асановтың жоғалып кеткені туралы полицияға туысқандары хабарлаған.
«Өндірістік іс аясында іздестіру тобы құрылды. Белгілі болғандай, ер адам Алматыға жеке шаруаларымен келген. Қалада қай бағытта жүргені де белгілі болды. 16 желтоқсанда таңертең азамат өзінің достарының үйінде жүрген жерінен табылды. Өзінің қайда екендігін туысқандарына белгілі себептермен айтпаған. Оның жоғалуының криминалды астары жоқ», - деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Серік Асановтың туысқандары Алатау аудандық ІІБ өкілдеріне алғыстарын жеткізді. Әсіресе полиция лейтенанты Айдын Абылайұлының қызметі ерекше аталып өтілді.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




