Алматылықтар Starbucks-қа кіру үшін таңғы жетіден бастап кезекке тұрған (фото)
- author «Ақ жол»
- 18 желтоқсан, 2015
- 498
Алматыдағы Mega Park кешенінде көптен күткен Starbucks кофеханасы ашылды. Ашылу рәсімі таңғы сағат 08.00-ге жоспарланған. Алайда, Алматы халқы әйгілі кофехананың ашылуына үлгеру үшін таңғы 7-ден бастап ұзын-сонар кезекке тұрды. Желіде есік алдындағы және ғимараттың ішіндегі ұзын-сонар кезектің суреті пайда болды.
Келушілердің тең жатысынынан көбі кезекті көшеде күтті.
Елімізде тұңғыш рет ашылған брендті Starbucks кофеханасынан ас ішу үшін алматылықтар таң сәріден кезекке тұрды. Жүздеген тұрғын танымал кофенің дәмін тату үшін мекеменің алдына бір қараңғы, бір жарықта жиналған.
Қақаған суықта бір кесе кофе үшін кезек күткен қала тұрғындарының фотосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көпшіліктің ашуын туғызды. Оқиғаның куәгері болған Әлішер Елікбаев есімді блогер өзінің Инстаграм парақшасына «Мегада таңертеңнен бері Starbucks кофесі үшін ұзын-сонар кезек болды. Онда кофе емес, қазы таратып жатқандай”, – деп мысқылдап жазса, Хафиза Бегеева есімді бойжеткен сусын үшін тізбектелгендерді «жабайылар» деп сөкті.
«Дамымай қалған елде Starbucks-тың ашылуы. Бұл жерде бақытсыз, жабайы адамдар өмір сүреді. Менің ойымша дені дұрыс азамат мұндай кезекке барып тұрмайды. Аштық кезінде нанға кезекке тұрса, басқа әңгіме. Қысқасы, сәлем Кеңес үкіметі» деді. Десе де елді ерте ұйқысынан оятқан кофе екінің біріне қолжетімсіз. Латте кофесінің 300 грамы – 820 теңге, ал 600 грамм -1030 теңгеден саудаланған.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




