«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Сарапшы 1 АҚШ доллары 400 теңгеге жетуі мүмкін екенін жасырмады

Сарапшы 1 АҚШ доллары 400 теңгеге жетуі мүмкін екенін жасырмады
ашық дереккөз
Сарапшы 1 АҚШ доллары 400 теңгеге жетуі мүмкін екенін жасырмады

photo_23006 щшЖақында 1 АҚШ доллары 400 теңгеге жетуі мүмкін. Мұндай болжамды экономика ғылымдарының кандидаты Андрей Коваль айтты.

«Теңгенің құлдырауын мұнай бағасымен байланыстырып отырған жоқпын. Әрине бұл құбылыс теңгенің құнына әсерін тигізеді, бірақ мен теңгенің құлдырауын өндіріс секторымен байланыстырамын. Ол үшін шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту керек. Біз бұны сан мәрте айтқан мен, енді ғана қолға алынып жатыр. Бізде несие-қаржы механизмдері де жұмыс істемейді. Ұлттық банк өкінішке қарай, жағдайға постфактум әсер етуді біледі,ал механизмдері жоқ.

Экономистің айтуынша, халық валюта нарығындағы жағдайға қорқынышпен қарап отыр, бұл қатердің бар екенін көрсетеді.

“Барлық осы факторлар жақын арада теңгенің экономикалық даму деңгейімізге сәйкес орынға дейін баратынына әкеп соқтырады. Шикізатты сатудан емес, нақты өндіретін тауарымызға байланысты табыс аламыз. 2016 жылдың наурызында доллардың құны 350 теңгеге дейін жетеді деп айтқанмын, бірақ болжамым ерте орындалып қойды. Келесі психологиялық цифр – доллар үшін 400 немесе 500 теңге болады, ал еуроның құны маңызды болмай қалады. Адамдар да, бизнес те осы жағдайларда өмір сүріп үйренуі керек. Ұлттық валютаның нығаюына сеп болатындай факторлар жоқ, мұнайдың да қымбаттауына себеп жоқ. Меніңше, Brent маркасының құны барреліне 15-10 долларға дейін түсіп кетеді, ал кейін көмірсутектер энергетикада басым ролінен айырылуы да мүмкін”, – деді экономист.

Өткен аптада америкалық валютаның бағамы мұнай бағасының төмендеуінің салдарынан айтарлықтай өсті. 14 желтоқсанда айырбас нүктелері долларды 340 теңгегеден сатты. Келесі күні ұлттық валюта қайта нығайып, доллар үшін 335-337 көрсеткішінде тұрды.

Ұқсас жаңалықтар