Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болғай!
Облыс әкімі К.Н.Көкірекбаевтың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
Құрметті жамбылдықтар!
Баршаңызды Ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік барша қазақстандықтар үшін ең қастерлі күн. Өйткені бұл Ұлы даланы мекен еткен бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы жүзеге асқан шуақты, Тәуелсіздігіміздің көк байрағы желбіреген ұлы сәт.
Тәуелсіздік жылдары Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың дана саясатының, дара көшбасшылығының арқасында еліміз ерен жетістіктерге қол жеткізді.
Еліміздің экономикалық дамуының дәйекті Стратегиясы жасалып, күрделі реформалар жүзеге асырылды. Қазақстанның даму Стратегиясын барлық әлем жаңғыртудың «Қазақстандық моделі», дамудың «Қазақстандық жолы» ретінде мойындап отыр.
Инновациялық индустрияландыру, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, жұмыспен қамту сияқты кең ауқымды бағдарламалар табысты жүзеге асырылуда.
Егемен еліміздің мәдени, рухани келбеті бұрын болып көрмеген биік деңгейге көтерілді.
Ең бастысы, көп ұлтты Қазақстан халқы татулық пен ынтымақтың, достық пен бірліктің үлгісін барша әлемге паш етті. Жас Қазақ елі сыртқы саясат әлемінде бейбіт өмір сүру идеясының жаңа форматын ұсынып, бағалы бастамалар көтерді.
Тағылымы мол Тәуелсіздігіміздің тұрақты орнығуы мен мемлекет болып қалыптасуына қасиетті облыс жұртшылығының қосқан үлесі зор.
Қазіргі таңда еліміз дамудың жаңа тарихи кезеңіне аяқ басты. Алдағы мақсат – Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуы. Осы міндеттерді орындауға, Тәуелсіз Қазақстанның өркендей беруіне еселі еңбекпен лайықты үлес қосатындарыңызға сенім білдіремін.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Сіздерге зор денсаулық, таусылмас бақыт, бірлік пен ынтымақ тілеймін!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болғай!
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




