Тәуелсіздік – халқымыз үшін қастерлі ұғым. Ал Тәуелсіздік күні – мемлекетіміздегі мерекелердің бірі. Себебі, бұл – ата-бабаларымыздың сан ғасырғы арманы орындалған күн. Халқымыз аңсаған азаттық таңы атқан арайлы сәт. Халқымыздың береке-бірлігін көрсететін, мемлекетіміздің бостандығы мен тәуелсіздігін айғақтайтын бұл мерекенің патриоттық мәні зор. Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тұтуға тиіспіз. Тәуелсіздігімізді қастерлеу, ұлықтау – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. 24 жылдың белесінде, тарих өлшемімен алғанда, аз ғана кезеңде мемлекетіміз әлемге танылған іргелі елге айналды. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт ішінде толағай табыстарға қол жеткізді. Қарқынды дамуға жол ашқан Елбасының салиқалы саясаты мен қазақстандықтардың ауызбіршілігінің арқасында тәуелсіз еліміз үлкен жетістіктерге жетті. Бізді алда жауапты кезең күтіп тұр. Сондықтан, халқымыздың ырысы артып, гүлденіп өсуі үшін осы ауызбіршілігімізден айнымай, күшімізді біріктіруге ұмтылсақ, рухымызды биік ұстап, салт-дәстүрімізді жоғалтпай, бағалай білсек, жоспарларымыздың орындалатынына сенімдімін. Елбасы Жолдауындағы дамудың басым бағыттарын бірлікпен жүзеге асырайық. Құрметті жамбылдықтар, қадірлі сайлаушылар! Мемлекетіміз үшін мерейлі мереке – Тәуелсіздік күні құтты болсын! Баршаңызға баянды бақыт, ырыс-береке тілеймін! Еңбекте табысты болыңыздар! Жұмыстарыңыз жемісті болсын!
Бағлан Қарашолақов, облыстық мәслихаттың хатшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Референдумға қатысу – азаматтық борыш
- Бүгін, 16:53
Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
- Бүгін, 16:40
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




