Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік марапаттары — Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік, қоғамдық істегі қызметі, еңбектегі жетістіктері мен жауынгерлік ерліктері үшін марапаттары. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен Қазақстан Республикасына еңбек сiңiрген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың да наградталуы мүмкiн. Мемлекеттiк наградалармен наградтауды Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады. «Алтын Қыран» орденiмен наградтау үшiн кандидатураларды Қазақстан Республикасының Президентi анықтайды. Өзге мемлекеттiк наградалармен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының Парламентi, Үкiметi, министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, басқа орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, шығармашылық одақтар мен басқа да ұйымдар енгiзедi. Қазақстан Республикасының ордендерi мен медальдары сол жақ омырауға тағылады.
Ең жоғары мемлекеттік наградалар
«Алтын Қыран» ордені – Қазақстан Республикасының ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiсi болып табылады. «Алтын Қыран» орденiмен азаматтар Қазақстан Республикасына сiңiрген мемлекеттiк ерекше еңбегi үшiн наградталады. Халық Қаһарманы атағы – Қазақстан Республикасына сiңiрген аса үздiк еңбегi, оның бостандығы мен тәуелсiздiгi жолындағы жауынгерлiк ерлiктерi үшiн берiледi. Халық Қаhарманы атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелiк белгiсi – Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырылады. Қазақстанның Еңбек Ері атағы – Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін беріледі. «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырылады.
Ордендер
«Отан» ордені «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені «Даңқ» ордені «Айбын» ордені «Парасат» ордені «Достық» ордені «Құрмет» ордені «Барыс» ордені «Еңбек Даңқы»
Медальдар
«Ерлігі үшін» «Жауынгерлік ерлігі үшін» «Ерен еңбегі үшін» «Шапағат» медалі
Атақтар
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» – Республикаға сіңірген зор еңбегі үшін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, ғылым, мәдениет, өнер, өндіріс және әлеуметтік саланың өкілдеріне беріледі. «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» – белгіленген ғарыштық ұшу бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асырған, алдарына қойылған ғылыми-техникалық, зерттеушілік және практикалық міндеттерді мінсіз орындаған азаматтарға беріледі.
Көп балалы аналарға арналған наградалар
«Алтын алқа» – жеті және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар наградталады. «Алтын алқа» алқасымен наградтау осы ананың жетінші баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте жүргiзiледi. «Күміс алқа» - алты бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар алтыншы баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте наградталады.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен экономикадағы, оқу-ағарту ісіндегі, әскери және өзге мемлекеттік, қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктерге жеткен азаматтар, сондай-ақ, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал еткен шығармашылық ұжымдар марапатталады.
Мерекелік медальдар
«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл».
Мемлекеттік сыйлықтар
Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығы; Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығы; Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы; «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығы;
Салалық наградалар
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы; Қазақстанның Құрметті сәулетшісі.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді