Автобус дәретханасына тығылып, шекара аспақ болған қырғыз азаматтары жаға ұстатты
- author «Ақ жол»
- 14 желтоқсан, 2015
- 522
«Мерке» бақылау бекетінің «Сыпатай батыр авто» бөлімшесінде кеше түнгі сағат 03.40-та, «Астана – Бішкек» бағытымен кетіп бара жатқан жолаушылар автобусын тексеру барысында шекара наряды бұрын-соңды кездеспеген уақиғаға тап болды.
Автобустың оң жақ қапталында орналасқан, «Жұмыс істемейді» деген хабарландыру ілініп, құлыпталынып тұрған әжетхананың кілтін автобус жүргізушілері ұзақ іздеген. Шекарашылар талаптарын қатаң түрде қоя бастаған кезде барып әжетхананың есігі ашылған. Сөйтсе, кіп-кішкентай қуысқа 5 адам тығылып алыпты.
Тексеру барысында олардың Қырғыз азаматтары екендігі анықталды. Үшеуінің миграциялық карточкалары жоқ, ал екеуі мүлдем құжатсыз.
Оларды Қылмыстық кодекстің 392-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілік күтіп тұр, ал 30 жастағы және 24 жастағы екі жүргізушінің (екеуі де Қырғыз Республикасының азаматтары) істері заңсыз миграцияны ұйымдастырғандары үшін Қылмыстық кодекстің 394-бабының 1-бөлігі бойынша тексерілетін болады, деп хабарлады ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




