Қыздарда да, қыздар бар...
Тараз қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектепте өткізілген «Сыр мен сымбаты жарасқан қазақ қызы» атты кездесуде қаракөз аруларымыздың тәрбиесіне қатысты әдемі ойлар көп айтылды. Бұл шараны қала әкімдігі ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Жиын барысында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің профессоры Жанат Сарыбекова, қала әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы Жадыра Құрманалиева, қалалық жастар орталығының ақпараттық талдау бөлімінің басшысы Айбек Қадіралиев өз ойларын ортаға салып, «қыздарға қырық үйден тыйым» екеніне көпшіліктің назарын аударды. Бұл шара барысында негізгі баяндаманы «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ринат Нұрақбаев жасады. Ол өзі басқаратын бірлестік жанынан «Инабат» қыздар клубы құрылатынына, облыс орталығындағы әр мектепте сол клубты қолдайтын бөлімшелердің жұмысын жандандыру жоспарында бар екеніне, есеюге бой түзеген (14 жастан асқан) қыздар тәрбиесіне көпшілік болып жанашырлық танытуымыз қажеттігіне тоқталды. Бұл тұрғыда Ринат Даниярұлы «Асыл арман» қоғамдық бірлестігінің 2015-2016 жылдарға арналған жоспарымен таныстырып өтті. Жоспар аясында «Қыз – өмір көркі» демалыс кешін, «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты кездесу ұйымдастыру, іскер әйелдер қауымдастығымен бірлесіп «Ел анасы» тобын үлгілі істерге қатыстыру, «Кітап сүйген – көркем» тақырыбында қыздар оқыған әдеби шығармалар бойынша пікір алмасу, мемлекеттік қызметтегі танымал әйел азаматтармен түрлі мекемелерде кездесулер өткізу секілді мәселелер қамтылған. Р.Нұрақбаев 5-8 жастағы қыздар арасында «Балғын», 8-14 жас арасында «Балауса» тәрбие беру топтарын құру мәселесін де ұсынды.
Есет Досалы, «Ақ жол».
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді