4 жылға сотталған Тайшыбеков сотта соңғы сөзінде “Қазақстанды ұлы ел деп санамайтынын” айтқан
- author «Ақ жол»
- 11 желтоқсан, 2015
- 726
Жамбыл облысы Қордай аудандық соты әлеуметтік желідегі жазбалары арқылы «ұлтаралық араздық тудырды» деп айыпталған блогер Ермек Тайшыбековті 4 жылға соттап, жазасын жалпы тәртіптегі түрмеде өтеуге үкім етті.
Ермек Тайшыбеков бүгін соттағы соңғы сөзінде өзіне қарсы қозғалған істің құрамында «қылмыс жоғын» айтып, оның «саяси астары бар» деп санайтынын мәлімдеген. Ол «Қазақстанды ұлы ел деп санамайтынын, бірақ президент Нұрсұлтан Назарбаевты ұлы адам деп танитынын» айтқан.
«Қазақстан мен Ресей біріксе» қисынды болатынын айтқан Ермек Тайшыбеков Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы «бірлескен мемлекеттің» президенті, ал Ресей президенті Владимир Путин – арнайы қызмет басшысы болғаны жөн» деген пікір білдірген.
Жамбыл облысы Қордай ауданының тұрғыны, 37 жастағы Ермек Тайшыбеков биыл жазда әлеуметтік желі қолданушыларының арызы бойынша қамалып, «ұлтаралық араздық қоздыру» бабы бойынша сотқа тартылған.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




