ҚР Президенті еңбек өнімділігі, экспорт көлемі және инвестициялар тарту көрсеткіштеріне ерекше мән беруді тапсырды
- author «Ақ жол»
- 11 желтоқсан, 2015
- 711
Индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын өзгерген жаһандық трендтер негізінде өзектендіру маңызды. Бұл туралы бүгін «Қазақстанды жаңа индустрияландыру. 2015 жыл қорытындысы» атты жалпыұлттық телекөпірден кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын өзгерген жаһандық және ішкі трендтер негізінде өзектендіру маңызды. Атап айтқанда, индикаторлар көлемін қысқарту керек. Жолдауда атап өткенімдей, бізде басты көрсеткіштер үшеу ғана, яғни еңбек өнімділігі, экспорт көлемі және инвестициялар тарту»,-деп тоқталды Елбасы.
Осы орайда Мемлекет басшысы үш көрсеткішке назар аударып, осыларды талап етіп, бұл тұрғыда тиісті бағалау жүргізу керектігін тапсырды.
Айта кетейік, бүгінгі жалпыұлттық телекөпір барысында Н. Назарбаев еліміздің өңірлеріндегі бірқатар жаңа жобаларды іске қосты.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




