Иесіз қорап салдарынан Астана вокзалының жолаушылары эвакуацияланды
- author «Ақ жол»
- 9 желтоқсан, 2015
- 623
Бүгін, 9 желтоқсан күні түскі сағат 13.30 шамасында Астана вокзалының кіреберіс есігінен иесіз қорап табылған. Қорап күдік тудырған соң, құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлері 500 жолаушыны эвакуациялаған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«9 желтоқсан күні сағат 13.35-те Астана станциясындағы ішкі істер желілік басқармасына вокзал кезекшісінен вокзалдың шыға берісінде иесіз қорап жатқандығы жөнінде хабарлама келіп түсті. Хабарлама келе сала, барлық құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлері, соның ішінде, көлік сақшылары, төтенше жағдайлар мен тағы да басқа құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлері оқиға орнына келді. Бірден қорап жатқан аумақ қоршауға алынды. Вокзалдағы 500-ден астам жолаушы мен вокзал қызметкерлері эвакуацияланды»,-деп хабарлады көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметі.
Абырой болғанда, қала вокзалының кіреберісінде жатқан қорапта қауіпті дүние болмаған.
«Сағат 14.35-те қораптан қауіпті зат болмағаны анықталды. Қазір вокзал қалыпты жұмысын жалғастырып жатыр»,-деп атап өтті баспасөз қызметінің өкілі.
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




