Қазақстанда бағдаршамның “қызыл көзінде” бұрылуға рұқсат етілуі мүмкін
- author «Ақ жол»
- 9 желтоқсан, 2015
- 251
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Тұрсынбек Өмірзақов жүргізушілер үшін бағдаршамның «қызыл» белгісінде оңға бұрылуға рұқсат беру ережесінің қажеттілігі туралы мәселе көтерді.
Еске салайық, жалпы отырыста палата депутаттары «Жол жүрісі туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлданған болатын.
«Ұлы дағдарыс жылдарында АҚШ көлік жүргізушілеріне бағдаршамда тура жүруге тыйым салатын «қызыл» жанып тұрған сәтте оңға қарай бұрылуға болатын ережені бекітіп берді. Бұл адамдар тиімді болған еді, өйткені бензинді де үнемдеуге, уақытын да үнемдеуге септігін тигізді. Екінші жағына, бұл ереже қазіргі таңда кептелістер көп орын алатындықтан, біздің көліктеріміздің өткізу қабілетін 5 және одан да жоғары пайызға арттыратыны сөзсіз. Жол жүру ережесінің бұл жаңа нормасын енгізуге Сіз қалай қарайсыз?», – деп сұрады депутат Тұрсынбек Өмірзақов Ішкі істер министрінен заң жобасын талқылау барысында.
Өз кезегінде Қалмұханбет Қасымов бұл мәселе былтыр да заң жобасын талқылау барысында көтерілгенін еске салды.
«Біз бұл тәжірибенің қолданылуын, тиімділігін зерттеу үстіндеміз. Яғни, бағдаршамның «қызыл» шамында оңға бұрылысқа рұқсат беру жүйесін әлі қарастырамыз. Оны асықпай талдаймыз, негіздейміз, сосын алдарыңызға келуіміз де мүмкін», – деді министр Қасымов.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді