«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Біріккен іс-қимыл ғана жемқорлықты ауыздықтайды

Біріккен іс-қимыл ғана жемқорлықты ауыздықтайды
ашық дереккөз
Біріккен іс-қимыл ғана жемқорлықты ауыздықтайды

Қасымхан Төлендиев, «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпыұлттық қозғалыс РҚБ филиалының басшысы.

Ағымдағы жылғы наурыз айының 11-і күні өткен «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде партиямыздың Төрағасы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев мемлекеттілікті одан әрі дамыту мен күшейтудегі 5 институционалдық реформаның аса маңыздылығын атап өтіп, «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 13 қадамында – жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қажеттігі туралы қадап айтты. Негізінде, республикамызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қыруар жұмыстар атқарылуда. Айталық, ТМД елдерінің арасында Қазақстан бірінші болып 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы Заң қабылдады әрі соған орай өміршең кешенді мемлекеттік бағдарламалар жасап бекітті, өмірдің талабына сай оларға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіп келеді. Мәселен, 2014 жылдың 11 қарашасында Астанада өткен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған партияның жаңа бағдарламасы» бекітілді. Онда партияның алдына – жемқорлықтың салдарларымен емес, себептерімен күресу негізгі міндет етіп қойылды. Сол жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы бекітіліп, оны орындау мақсатында 2015 жылдың қарашасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы» және тағы да басқа жаңа заңдар қабылданды. Ал біздің облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары қабылданып, орындалу барысы тоқсан сайын облыс әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша облыстық комиссияның отырыстарында қаралуда. Бір атап өтетін жай, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы маңызды бағыт сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға азаматтық сектордың, мемлекеттік емес ұйымдардың кеңінен қатысуын қамтамасыз ету болып табылады. Осыған орай, Елбасының «Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс» деген қағидасы жұртшылық тарапынан кеңінен қолдау тауып, елімізде «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылғаны мәлім. Оның «www.janaru.kz» электронды порталы бар. Ал біздің филиалда zhanarutaraz@mail.ru электрондық адрес жұмыс істеуде. Биыл біздің филиал облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырысы бойынша «Қоғамда жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру бойынша кешенді іс-шараларды ұйымдастыру» жұмысын атқарды. Бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы іс-шаралар Байзақ, Жуалы, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Сарысу, Талас, Меркі, Мойынқұм, Қордай және Шу аудандарында, Тараз қаласында ұйымшылдықпен өткізілді. Сондай-ақ, бекітілген кестеге сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы дөңгелек үстелдер, жиналыстар, семинар-кеңестер, акциялар, кездесулер ұйымдастырылды. Оған жергілікті атқарушы биліктің, партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, жастар бірлестіктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, әр ауданның жергілікті әкімдігінде азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдау ұйымдастырылды. Жалпы, биыл аумақта өткізілген алты қоғамдық тыңдауға ұзын саны 503 адам қатысқанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар, «ЖАҢАРУ» республикалық қоғамдық бірлестігінің тапсырмасына сәйкес, республикамыздың Мәдениет және спорт министрлігінің мемлекеттік тапсырысы бойынша «Еліміздің әртүрлі аймақтарында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша «Ашық сұхбат» алаңдарының жұмысы ұйымдастырылды. Тараз қаласында «Қоғамдық Сенім Орталығы» құрылды. Оны Тараз қалалық мәслихатының депутаты, «Жамбыл-Жылу» МКК директоры, Ж.Бөлекбаев басқаруда. Тоқталатын бір жай, «Ашық сұхбат» алаңдарында негізгі баяндамалармен қатар, сарапшылардың қосалқы баяндамалары да жасалды. Тыңдаулардың қорытындысы бойынша құнды ұсынымдар қабылданды. Әсіресе, денсаулық сақтау саласының мәселелерін қараған кезде ғылыми клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының директоры, профессор С.Жошыбаев: «ЖАҢАРУ» республикалық қоғамдық бірлестігі үкіметтік емес ұйымының осындай «Ашық алаң» форматта өткізген жиынында халықты толғандыратын мәселелердің талқыланғандығын атап өтті. Ал Жуалы аудандық аурухананың бас дәрігері, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы партия бақылау комиссиясының төрағасы, «ЖАҢАРУ» филиалының аудандағы өкілі С.Жұмашев өз ұсынымдарын ортаға салды. Сол сияқты, білім беру саласын тыңдау барысында қосалқы баяндама жасаған «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Е.Мағзұмбековтің сауатты сараптамасы да жұртшылықтың көңілінен шықты. Орын алған кемшіліктерді өткір сынға алған және нақты ұсынымдарын ортаға салған облыстық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы А.Майлыбаев пен Тараз қаласындағы №40 гимназияның директоры А.Гибнер де қатысушылардың ризашылығына ие болды. Жоба аясында 16 қазан күні Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының конференцзалында «Мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық деңгейін республикада төмендету мәселелері» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өткізілді. Онда «ЖАҢАРУ» РҚБ төрағасының орынбасары, Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс тобының сарапшысы Н. Баймырзаев негізгі баяндаманы жұртшылық назарына ұсынды. Жарыссөз - пікір алмасуға белсенді қатысқандардың арасында Республика Парламенті Сенатының экс-депутаты – Ж.Кәрібаев, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Р.Рамазанов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ш.Тілеумұрат, Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Б.Нарбаев, Жамбыл облыстық кәсіподақтар орталығының төрайымы Б.Сапарбаева, облыс прокурорының аға көмекшісі Ғ.Абдрахманов, облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Д.Дайрабаев, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту бөлімінің бас инспекторы – А.Оразбеков, облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Д.Ускумбаева, «Жамбыл-Тараз» газетінің бас редакторы Э.Мырза-ғали және басқалары күн тәртібіндегі мәселені қызу талқылап, қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған құнды ұсыныстарымен бөлісті. Іс-шаралардың діттегеніміздей мазмұнды өтуіне жергілікті атқару органдарының белсенді түрде көрсеткен қолдауының зор ықпалы болды. Сонымен қатар, «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасы О.Ә. Әбдікәрімов пен облыс әкімі К.Н. Көкірекбаев арасындағы наурызда жасасқан ынтымақтастық келісімінің де үлкен ықпалы тигендігі даусыз. Сол сияқты іс-шараларды ұйымдастыру кезінде «ЖАҢАРУ»-ға жан-жақты нақты қолдау көрсеткен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Берікке, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Д.Қожамжароваға, облыстық прокуратура, әділет департаменті, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшыларына, «Қазақстан-Тараз» телеарнасына, облыстық, қалалық газеттердің басшыларына ризашылығымызды білдіреміз. Жуырда біздің филиал Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментімен Ашық келісім жасасып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарының пәрменді жүргізілуіне барынша ат салысатын боламыз деп уағдаластық. Сөз соңында ертеңгі 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнімен барша облыс тұрғындарын құттықтап, өзін сүйікті Отаны – Қазақстанның патриотымын деп санайтын, қазақ елінің өркендеп-өсуін, әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуын және Мәңгілік Ел болуын қалайтын әрбір қазақ азаматының жемқорлыққа қарсы жалпыхалықтық күреске белсене қатысатындығына сенімділігімізді білдіргіміз келеді.

Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар