Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың қатысуымен өткен облыстық ардагерлер ұйымы кеңесінің 6-пленумында ардагерлер ұйымы кеңесінің жаңа төрағасы сайланды. Пленумда облыс әкімі Кәрім Нәсбекұлы сөз алып, облыстық ардагерлер ұйымы кеңесі төрағасының өз еркімен қызметтен босату жөнінде білдірген өтінішін қабыл алғанын жеткізіп, ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін Тілеуқабыл Төребековке алғыс білдірді. Ал ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағалығына республикалық ардагерлер ұйымы кеңесінің келісіміне сәйкес облысқа белгілі ардагер Еркінбек Солтыбаевтың кандидатурасын ұсынды.
Жуалы аудандық ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы Жарас Мұратай, облыстың Құрметті азаматы Лидия Ахметова облыс басшысы ұсынған кандидатураны қолдайтындарын айтып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Бұдан кейін пленум делегаттарының бір ауыздан дауыс беруімен Еркінбек Солтыбаев облыстық ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы болып сайланды. Ол өз сөзінде сенім білдірген ардагерлерге алғысын айтып, төрағалық қызметті жауапкершілікпен атқаратынына сендірді.
Нұрым Сырғабаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




